Skip to content
Главная страница » «№4 емхана» КМК дәрігерлеріне арналған семинар  

«№4 емхана» КМК дәрігерлеріне арналған семинар  

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Т.Х.Кулахметова «№4 емхана» КМК медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ұйымдастыру-кеңес беру жұмыстарын және оқыту семинарын жүргізді.

Оқытудың арқасында дәрігерлер кеңесте келесі мәселелерді қарастыра отырып, өздерінің білім деңгейлері мен кәсіби дағдыларын арттырды: Қарағанды облысындағы 2025 жылдың І тоқсанындағы эпидемиологиялық жағдай ; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қарағанды облысының медициналық қызметінің негізгі нормативтік құжаттары. медициналық ұйымдарда АИТВ-ның алдын алуы; төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі.

Дәрісте сонымен қатар тестілеудің міндетті құпиялылығы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация мен кемсітушілікке жол бермеу туралы ақпарат берілді.

Шара соңында жиналғандар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға ЖИТС орталығының маманы жауап берді.

Семинарға емхананың 67 медицина қызметкері қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *