Skip to content
Главная страница » Алматыдағы кеңес

Алматыдағы кеңес

2025 жылғы 16 сәуірде Алматыда «АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі: тәжірибе, міндеттер, перспективалар» тақырыбында кеңес өтті, онда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мәслихаттардың депутаттары, денсаулық сақтау басқармаларының, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтарының басшылары, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сессия шеңберінде «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімді тетіктері» тақырыбында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының директоры Б.Ж.Сағымбаев баяндама жасап,  табысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, қол жеткізілген нәтижелер туралы «Қарағанды облыстық «Доверие» қауымдастығы» ЗТБ басшысы Айнұр Нупинова айтып берді.

Келесі күндері 17-18 сәуірде «АИТВ-инфекциясының алдын алуда мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың серіктестігін нығайту» тақырыбында Диалог алаңы өтті, онда Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы О.Ю. Мокроусова «ҮЕҰ базасында, жергілікті жерлерде, сенім пункттерінде тестілеуді кеңейту» тақырыбында баяндама жасады.

«Байланысқа дейінгі профилактиканы кеңейту» Сессиясында Қарағанды облысының қатысушылары: ЖИТС ОО директоры Б.Ж.Сағымбаев пен «Доверие» ЗТБ басшысы А.Нупинова да өз жұмыстарымен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *