Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының директоры Б.Ж. Сағымбаев Лондонда «KAMADA Conference» ЖШС ұйымдастырған «Денсаулық сақтау менеджменті – Англия тәжірибесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
Бағдарлама Ұлыбританияның жетекші медициналық мекемелерінде дәрістер мен семинарларды қамтыды. Қатысушылар Англиядағы денсаулық сақтау жүйесі қалай құрылғаны жайында танысты, оның ішінде — ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда медициналық көмек қалай көрсететіні жайлы, онкологиялық және педиатриялық көмектің көрсетілуі, оңалту қалай ұйымдастырылатыны, медициналық қызметтердің сапасы қалай бағаланатыны жайлы жәнеде емханалар мен мамандардағы үдерістер қалай басқарылады, қалай дамытылатыны айтылды.
Англиядағы бүкіл жүйе науқасқа ерекше көңіл бөлуге бағытталған.
«Бұл халықаралық тәжірибе ерекше құнды, өйткені біз медициналық көмек бұдан да жақсырақ, мұқият және тиімдірек болуы үшін өз жұмысымызда ең жақсыны енгізуге тырысамыз», — деп атап өтті Б.Ж. Сағымбаев.