Skip to content
Главная страница » Бұқар жырау ауданында семинар өтті

Бұқар жырау ауданында семинар өтті

  • by

Бұқар жырау аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері үшін АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру мақсатында көшпелі семинар өткізілді.

Іс-шараның спикері ретінде Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Т.Х.Кулахметова сөз сөйлеп, АИТВ-инфекциясы, жұқтыру жолдары, симптомдары, алдын алу шаралары және облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Сондай-ақ, авариялық жағдайлар мен олар кезіндегі іс-қимылдар алгоритмі мәселелерін қарастырды. Кездесуде АИТВ-инфекциясына қатысты нормативтік-құқықтық актілер, АИТВ-ға талдау жасауға арналған клиникалық көрсетілімдер, АИТВ бар адамдарды стигматизациялауға жол бермеу мәселелері талқыланды.

Семинарды аяқтай отырып,

Т.Х. Кулахметова аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға 36 медицина қызметкері офлайн режимінде және 28 медицина қызметкері онлайн режимінде қатысты. ‎ ‎

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған