Skip to content
Главная страница » Денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу

Денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу

  • by

Қарағанды облыстық АИТВ-инфекциясына қарсы күрес және алдын алу орталығында емдеу-алдын алу ұйымдары директорларының орынбасарлары мен жауапты мамандарымен АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шарада келесі мәселелер талқыланды:

– Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, соның ішінде «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шараларды іске асыру туралы» жол картасы аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің АИТВ-инфекциясы мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар бейресми оқыту шеңберінде медициналық қызметкерлерге сертификаттар беру арқылы семинарлар ұйымдастыру. Бұл мәселе бойынша алдын алу бөлімінің басшысы Н.Т. Тулекбаева сөз сөйледі.

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы, оның ішінде облыс тұрғындарын АИТВ-инфекциясына антиденелердің клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштеріне тестілеумен қамту туралы» бұйрығын іске асыру туралы. Баяндамашы: Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі О.Ю.Мокроусова.

— АИТВ-инфекциясы бар науқастарда С вирусты гепатитін бақылау, диагностикалау және емдеуді ұйымдастыру. Тақырыпты медицина бөлімінің меңгерушісі Б.М.Жантақбаева атап өтті.

Кездесуге 37 адам қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *