АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында «Сортировка» шағын ауданындағы «Қарағанды теміржол аурухана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оқыту семинары өтті, оған 54 медицина қызметкері қатысты.
Инфекционист А.Ж. Шакибаева мен эпидемиолог А.Қ. Ақбергенова Облыстық ЖИТС орталығынан ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы; төтенше жағдайлар және олар туындаған кездегі әрекеттер алгоритмі; АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілер; АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштері туралы; АИТВ жұқтырған аралас инфекциялар; АИТВ-мен ауыратын науқастарға сигмаға жол бермеу.
Жиын соңында жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға ЖИТС орталығының мамандарынан жауаптар берілді.