Skip to content
Главная страница » Көпбейінді облыстық балалар ауруханасындағы семинар

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасындағы семинар

АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында  ШЖҚ “Көпбейінді облыстық балалар ауруханасындағы” КМК медицина қызметкерлеріне семинар  өткізілді.

Семинар барысында Қарағанды ​​облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Р.Т.Исабаева келесі мәселелерді қарастырды: 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы басындағы Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ инфекциясына қатысты нормативтік құжаттар; АИТВ-ға зерттеп-қарауға арналған клиникалық көрсетілімдер; төтенше жағдайлар және олар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптары қарастырылды.

Семинар тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен оларға спикердің жауаптарымен аяқталды.

Шараға 21 адам қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *