Skip to content
Главная страница » Қызметкерлерге профилактикалық дәріс

Қызметкерлерге профилактикалық дәріс

  • by

АИТВ туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Қарағнды облыстық орталығының дэрігер-эпидемиолог бірлескен кестеге сәйкес «Қарағанды-Сұрыптау» станциясында желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері үшін оқыту дәрісін өткізді.

Іс-шара барысында аудитория АИТВ, вирустың берілу тәсілдері, алдын алу шаралары, қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі ықтимал авариялық жағдайлар және олар туындаған кезде қажетті іс-әрекеттер туралы білді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қажет екендігі ерекше атап -өтілді.

Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырыптың  маңызды аспектілерін талқылай алатын «сұрақ-жауап» диалогы өтті.

Аудиторияны қамту – 31 адам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *