Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері «Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Іс-шараның күн тәртібінде 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат; АИТВ-ның алдын алу; АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілер; жұмыс орнындағы төтенше жағдайлар және олар туындаған кездегі әрекеттер алгоритмі. Бұл мәселелерді эпидемиолог Р.Т. Исабаева атап өтті.
АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу тақырыбын инфекционист О.И. Орлова талқылады.
Дәріс курсынан кейін тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға ЖИТС орталығының мамандары жауап берді.
Семинарға Осакаровка ауданының орталық ауруханасының 58 медицина қызметкері қатысты.