Skip to content
Главная страница » Педиатрларға арналған семинар

Педиатрларға арналған семинар

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығында тұрақты түрде өткізіліп тұратын курстар аясында педиатрлармен семинар өткізілді. Инфекционист дәрігер Ш.К.Ауесбаева қатысушылармен келесі мәселелерді талқылады: балалардағы АИТВ диагнозын қоюдың ерекшеліктері; АИТВ жұқтырған балалар мен жасөспірімдерді бақылау; антиретровирустық терапия (АРТ); анадан балаға АИТВ жұқтырудың алдын алу шаралары; отбасыларға психоәлеуметтік қолдау көрсету және АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу.

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семинарға 15 педиатр-дәрігер қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *