Skip to content
Главная страница » Телебағдарламаға қатысу

Телебағдарламаға қатысу

Балалар мен жасөспірімдерге жыныстық тәрбие берудің маңыздылығы талқыланған «Жасырын жара» бағдарламасына Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі, эпидемиолог Тулекбаева Нағима Таштайқызы қатысты.

Әңгіме барысында ол АИТВ-инфекциясының таралу жолдарының бірі жыныстық қатынас екенін атап өтті. Сондықтан алдын алу шараларын білу және оларды қолдану қажет. Сонымен қатар АИТВ-ның ерекшеліктері, берілу жолдары, диагностикасы мен емдеу әдістері туралы айтты.

ЖИТС орталығының мамандары қаланың жоғары сынып оқушыларымен және студенттерімен үнемі кездесулер өткізіп, онда АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы әңгімелейді. Бірақ ерте жүктілік, қорғаныссыз жыныстық қатынас салдары отбасында да, мектепте де талқылануы керек. Тақырыпты тығырыққа тіреу тек жағдайды нашарлатады, — деп түйіндеді эпидемиолог Нағима Таштайқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *