Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облыстық ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлесіп, Қарағанды телімінің «Солтүстік» аймақтық филиалы ғимаратында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жұртшылықтың назарын АИТВ, ЖИТС мәселесіне аудару. Іс-шараға «Марал-Нұр» ЖШС, «Желдортранс-Ақтөбе» ЖШС, Қарағанды телімінің «Қала маңындағы тасымалы» АҚ, «Ұлытау-Экспресс» ЖШС, Қарағанды телімінің «Солтүстік» АФ-ның жолсеріктері мен қызметкерлері шақырылды, олар осы іс-шараға белсенді қатысып, дәрігерлердің сөз сөйлеуі және бейнеролик көрсету арқылы АИТВ, ЖИТС және оның алдын алу туралы көптеген қажетті мәліметтерді алынды.
Дәрісті Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары – Т.Х.Кулахметова және И.А.Венчикова.
Іс-шараға 40 адам қатысты.