Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты — қоғамға АИТВ-мен байланысты стигманың алдын алу және жеңудің маңыздылығын еске салу.
Бұл күннің символы — қызыл таспа. Адамдар оны киімдеріне тағып, жанашырлық пен қолдауды білдіреді, сондай-ақ коғамға алдын
алу, емдеу және қолдаудың маңыздылығын
еске салады. Көптеген ұйымдар осы күні акциялар, дәрістер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АИТВ-ның созылмалы инфекция ретінде таныды. Адамдардың көпшілігі өздерінде АИТВ бар екенін білмей жүреді. Сондықтан тұрақты түрде тест тапсырып, ақпараттанған дұрыс.
Бұл күн — бізге АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, стигма мен
кемсітушілікке жол бермеудің, маңыздылығын еске салатын күн. Тек бірлесе отырып, жанашырлық пен бірлікті көрсетсек қана, АИТВ-сіз болашаққа қадам баса аламыз.