АИТВ туралы білімді арттыруға бағытталған ақпараттық іс-шаралар АИТВ инфекциясымен күресу құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан, No1 балалар емханасында Қарағанды ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Р.Т. Исабаева, жүргізген семинар емдеу мекемесінің медицина қызметкерлеріне мықты ақпараттық тірек болды.
Отырыста келесі мәселелер талқыланды: ағымдағы жылдың 9 айындағы облыстағы эпидемиологиялық жағдай; АИТВ-инфекциясының сипаттамасы және оның берілу жолдары; АИТВ инфекциясының алдын алу; АИТВ-инфекциясына қатысты нормативтік құқықтық актілер; АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштері; АИТВ-мен ауыратын адамдарды стигмалауға және кемсітуге жол бермеу.
ЖИТС орталығының маманының дәрісі сұрақ-жауапқа ұласты.
Семинарға 23 медицина қызметкері қатысты.