Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Кулахметова «№3 емхана» ЖШС медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ұйымдастыру-кеңес беру жұмыстарын, оқыту семинарын және аттестациялауды жүргізді.
Оқытудың арқасында дәрігерлер кеңесте келесі мәселелерді қарастыра отырып, өздерінің білім деңгейлері мен кәсіби дағдыларын арттырды: Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қарағанды облысының медициналық қызметінің негізгі нормативтік құжаттары. медициналық ұйымдарда АИТВ-ның алдын алуы, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі.
Дәрісте сонымен қатар тестілеудің міндетті құпиялылығы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация мен кемсітушілікке жол бермеу туралы ақпарат берілді.
Шара соңында жиналғандар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға ЖИТС орталығының маманы жауап берді.
Семинарға емхананың 120 медицина қызметкері қатысты.