Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Т.Х. Кулахметова «№ 3 көпсалалы аурухана» ШЖҚ МКК онкологиялық бөлімшесінің медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті.
Онкологиялық орталықтың емшара кабинетінің медбикелері кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі авариялық жағдайлар, олар туындаған кезде әрекет ету алгоритмі және қажетті алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі түсіндірме тыңдады.
Теориялық курстан кейін емшара кабинетінің медицина қызметкерлері тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап бере отырып, материалды бекітті. Консультативтік көмек жұмыс орнында АИТВ жұқтырудан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білім деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.