№ 4 емханада медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ инфекциясы бойынша семинар өтті. Семинарды Қарағанды ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Т. Х. Кулахметова өткізді.
Күн тәртібінде: 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы облыстағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ инфекциясына қатысты нормативтік құжаттар, медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі авариялық жағдайлар және олар туындаған кездегі іс-қимылдар алгоритмі қаралды. Тыңдаушылардың назары АИТВ-ға тексерудің клиникалық көрсеткіштеріне аударылды.
Кездесудің қорытындысы № 4 емхананың медицина қызметкерлерінің «АИТВ инфекциясы және емдеу мекемелерінде оның алдын алу» тақырыбындағы аттестациясы болды.
Семинарға 39 адам қатысты.