Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Р. Исабаева № 8 емхананың медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Кездесуде келесі мәселелер қаралды: 2024 жылғы облыстағы эпидемиологиялық жағдай; АИТВ және жұқтыру жолдары; АИТВ инфекциясының алдын алу; авариялық жағдайлар және олар туындаған кездегі іс-әрекеттер; АИТВ-инфекциясына қатысты нормативтік-құқықтық актілер.
Сондай-ақ, спикер АИТВ бар адамдарды стигматизациялауға жол бермеуге және халықпен ақпараттық-профилактикалық жұмыс жүргізудің маңыздылығына назар аударды.
Соңында дәрігер-эпидемиолог аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Семинарға емхананың 34 медицина қызметкері қатысты.