2023 жылдың 2 ақпанында Облыстық ЖИТС орталығы Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен (ҚАЖД) ведомствоаралық өзара іс-шаралар бойынша АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
ЖИТС орталығының мамандары арнайы топтағы адамдарды тестілеумен қамтудың талдауын ұсынды. ҚР ДСМ 27.11.2020 ж. №211 бұйрығына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ – инфекциясын тіркеуді талдау, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу, емдеу мәселелеріндегі кемшіліктер қаралды.
Кеңес барысында проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды. ЖИТС орталығы мамандары мен ҚАЖД дәрігерлерінің ынтымақтастығы ҚАЖД мекемелерінде арнайы топтың адамдарының арасында АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алуға ықпал етеді, бұл қоғамның денсаулығы мен қорғалуына оң әсер етеді.