2023 жылдың 22 ақпанында облыстық ЖИТС орталығының маманы Гүлнар Усманова қаламыздың «Әлия Молдағүлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінде» дәріс өткізді. Оқушыларға АИТВ-инфекциясының қауіптілігі, жұқтыру жолдары және оның алдын алу жолдары туралы толық ақпарат берілді.
– Жастық шақ – эксперимент уақыты, сондықтан жастар мен жасөспірімдерді қауіптер туралы уақтылы ескерту, аурудың ауырлығын, оның себептері мен салдарын түсіндіру маңызды, – деп түсіндірді ЖИТС орталығының маманы. Профилактикалық іс-шараға 46 адам қатысты.