18 сәуірде Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Х. Құлахметова Н.Әбдірова атындағы № 58 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары үшін презентациямен дәріс оқыды. Кездесуде жасөспірімдерге АИТВ, оның берілу жолдары және инфекцияның алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, орталық маманы салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс мінез-құлыққа және әркімнің өз денсаулығы үшін жауапкершілігіне ерекше назар аударды.
Дәріске – 90 оқушы қатысты.