20 сәуір күні АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы А.К.Ақбергенова академик К.А.Сагинов атындағы мектеп-колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерге адамның иммун тапшылығы вирусы, оның берілу жолдары және инфекцияның алдын алу шаралары туралы дәріс дайындалды. Сондай-ақ орталық маманы жастарды өз денсаулығына мұқият болуға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және есірткі қолданбауға, белсенді және позитивті өмір салтын ұстануға шақырды.
Аудиторияны қамту 60 адам.