Диагностикалық зертхананың қызметі мыналарға бағытталған:
o аналитикалық және диагностикалық сенімділігі жоғары АИТВ, В, С гепатиті және оппортунистік инфекциялардың зертханалық диагностикасын жүзеге асыру;
o ҚР СТ ИСО 15189-2015 талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету;
o диагностикалық зертхананың ішкі және сыртқы сапасын бақылау жүйелерін ұйымдастыру және тәжірибеге енгізу;
o Жүйелі зертханаішілік сапаны бақылау және сыртқы сапаны бағалау бағдарламасына қатысу арқылы зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру;
o тәуекел топтарында серологиялық эпидемиологиялық қадағалаудың серологиялық кезеңін ұйымдастыру және бақылау;
o диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған адамдарға иммунологиялық, жалпы клиникалық, гематологиялық, биохимиялық зерттеулер жүргізу.