АИТВ-инфекциясын информатика және компьютерлік қадағалау бөлімі жұмысын келесі жолдармен жүзеге асырады:
• АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүйе жүзінде қамтамасыз ету;
• ЖИТС орталықтарының қызметін бағдарламалық қамтамасыз ету үшін жаңа компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
• ЖИТС орталықтары қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша бірыңғай ақпараттық база құру;
• ақпараттың құпиялылығын сақтай отырып, АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастар туралы деректер банкін құру және жүргізу, сондай-ақ ақпаратқа қолжетімділік деңгейлерін анықтау;
• модемдік байланыс және заманауи технологиялар негізінде ЖИТС орталықтарының бірыңғай компьютерлік желісін қалыптастыру, дамыту және қолдау;
• АИТВ/ЖИТС және алдын алу шаралары туралы ақпаратпен халықты таныстыру үшін веб-сайттарды құру;
• ЖИТС орталықтарының барлық бөлімшелерінің электрондық поштасының жұмысын қамтамасыз ету;
• ЖИТС орталықтарының тәжірибесіне заманауи жүйелік бағдарламалық жүйелерді енгізу.