Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы А.Ақбергенова Облыстық акушерлік-гинекологиялық орталығының медицина қызметкерлеріне консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті, көмек барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдай, төтенше жағдайлар, бұйрықтар мен қаулылардың (кодекстердің) орындалуы қаралды.
Кездесу барысында қаралған тақырыптардың негізгі критерийлері түсіндіріліп, сұрақтарға жауаптар беріліп, орын алған кемшіліктер түзетілді. Консультативтік-әдістемелік көмек мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін, құзыреттілігін және тәжірибесін арттыруға бағытталған.