Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының мамандары кешенді профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және қатынасқа дейінгі алдын алуды техникалық ақпараттық қолдау арқылы өзін-өзі тексеру, ЕҚЕ/ТГА арасында АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ жұқтыру қарқынын төмендету жөніндегі Aman Bol PrEP жобасын іске асыру процесінде жинақталған тәжірибе алмасу бойынша сайт-визитке қатысты. Спикер-Виталий Виноградов (Алматы қ.). Сондай-ақ, кездесу барысында ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін жаһандық қор жобасын іске асыру аясында жоспарланған «мотивациялық сұхбат және коммуникация негіздері» (Aman Bol prep) бойынша шағын тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында нақты жағдайларда ЕҚЕ/ТГА негізгі қауіп топтарына АИТВ-инфекциясының қатынасқа дейінгі алдын алу бағдарламаларының қолжетімділігін реттейтін әдістемелік базаны қолдану тақырыбы қаралды.
Кездесу соңында тренинг қорытындысы бойынша кері байланыс, сауалнамалар толтыру, супервизия өткізілді.