Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Кулахметова Ақтоғай ауданының аудандық ауруханасы мен емханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Жиында Қарағанды облысындағы соңғы 7 айдағы эпидемиологиялық жағдай және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің No211 бұйрығының орындалу барысы талқыланды. Семинар соңында маман Т.Құлахметова медицина қызметкерлерінің төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі бойынша білімдерін тексерді.
Аудиторияны қамту: 25 адам.