Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының мамандары мен ҚарМУ-дың волонтер студенттері «Абзал» сауда үйінде қала тұрғындарына шара өткізді.
Тақырыптық плакаттар, ұйымдастырушылардың кеуделеріндегі қызыл ленталар, буклеттер мен жадынамалар қарағандылықтар мен қала қонақтарының назарын аударды.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарына АИТВ-инфекциясы, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып берді.
Акция АИТВ және ЖИТС індетінің жаһандық таралуын тоқтату, сондай-ақ қала тұрғындарының АИТВ және ЖҚТБ туралы хабардарлығын арттыру және індетке қарсы халықаралық ынтымақтастықты көрсетуге қосылу қажеттілігін адамдарға еске салуға арналған.