Ағымдағы жылдың 23 мамырында Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы жанында қалалық аурухана , емханаларының лаборанттары мен орта буын медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Отырыста қаралған тақырыптар АИТВ-ға қан жинаудың аналитика алдындағы кезеңі және АИТВ-ға экспресс-тестілеу мәселелеріне негізделді.
Семинарды профилактикалық бөлімнің меңгерушісі Н.Т. Тулеклекбаева мен облыстық ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Е.А.Сиделева жүргізді.
Спикерлердің презентациясында тақырыпты түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар практикалық дағдыларға үйрету жұмыстары жүргізілді. Семинар соңында, аудиторияны қызықтыратын сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді.
Оқуды 39 медицина қызметкері аяқтады.