№1 емхананың медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Қарағанды ЖИТС орталығының эпидемиологы Р.Исабаева оқыту лекциясын оқыды.
Іс-шараның күн тәртібінде бірінші жартыжылдықтағы облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріліп, АИТВ-ға қатысты алдын алу шаралары, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шаралар, жұмыстың құқықтық актілермен сәйкестігі, стигматизация мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері талқыланды.
Дәрістен кейін аудиторияның сұрақтары мен лектордың жауаптарымен сындарлы диалог өтті.
Дәріске емхананың 29 медицина қызметкері қатысты.