Профессор Х. З. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында семинар өткізді. Спикер-Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Р. Т.Исабаева. Семинарда облыстағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері және АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік-құқықтық актілер, АИТВ-ға міндетті тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер қаралды.
Семинардың соңында -аудиторияның сұрақтары және оларға берілген спикердің жауаптарымен қорытындыланды.
Кездесуге көпсалалы аурухананың 96 медицина қызметкері қатысты.