Қарағанды қаласындағы «No2 көпсалалы аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медицина қызметкерлеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Р.Исабаева жиналғандар алдында сөз сөйлеп, келесі мәселелерді талдады: 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ, вирустың сипаттамасы, таралу жолдары, алдын алу шаралары; төтенше жағдайлар; АИТВ-инфекциясына қатысты нормативтік құжаттар; АИТВ-ға міндетті тестілеуге клиникалық көрсеткіштер.
Қорытынды диалогта талқыланған тақырыптар бойынша тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жиын спикері жауап берді.
Семинарға 32 аурухана медицина қызметкерлері қатысты.