Skip to content
Главная страница » «InLife» ЖШС-де семинар

«InLife» ЖШС-де семинар

  • by

АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында «Inlife» емханасының медицина қызметкерлеріне семинар және аттестациялау өткізілді.

Семинар барысында Қарағанды ​​облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Р.Т.Исабаева: Қарағанды ​​облысының 9 айдағы эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ инфекциясына қатысты нормативтік құжаттар; төтенше жағдайлар және олар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптары қарастырылды.

Семинар тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен оларға спикердің жауаптарымен аяқталды.

Ақпараттық курстан кейін АИТВ-инфекциясына қатысты талқыланған тақырыптар бойынша дәрігерлер мен медбикелер аттестациядан өтті.

Шараға 68 адам қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған