АИТВ-инфекциясының алдын алу вирус және оның таралу жолдары туралы мағлұмат беруден басталады, сондықтан облыстық ЖИТС орталығының маманы Б.Жанбай Қарағанды көлік-технологиялық колледжіндегі дәрісін осы мәселелерді қарастырудан бастады.
Сондай-ақ спикер АИТВ-статусын білудің, салауатты өмір салтын ұстанудың, АИТВ жұқтырған адамдарға төзімділікпен қараудың маңыздылығына аудитория назарын аударды.
Дәріс курсын қорытындылай келе ЖИТС орталығының маманы аудиториядан түскен барлық сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар саны 90 оқушыны құрады.