Skip to content
Главная страница » Медициналық академия студенттерімен кездесу

Медициналық академия студенттерімен кездесу

  • by

Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Венчикова мен маманы Г.Усманова жүргізген кездесуді Қарағанды медициналық академиясының студенттері тәрбиелік мәні зор және белсенді деп атады.

Болашақ дәрігерлермен әңгіме Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында өтті, сондықтан тақырыптың өзектілігі жан-жақты қарастырылды. Алдымен тыңдаушылар иммун тапшылығы вирусы жайлы, жұғу жолдары, белгілері және алдын алу шаралары туралы дәріс тыңдады. Келесі кезекте интерактивті викторина түрінде сұрақ-жауап сессиясы өтіп, студенттер талқыланатын тақырып бойынша тамаша білімдерін көрсетті.

ЮНЭЙДС-тің «Дұрыс жолды – адам құқығы жолын таңданыз!» ұранына сәйкес АИТВ-мен ауыратын адамдарды құқықтық қорғауға, және АИТВ-ны басқа адамға әдейі жұқтыру қаупін туғызғанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жазалауға баса назар аударылды.

Медициналық академияның барлық студенттері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген толерантты көзқарас қана АИТВ-инфекциясымен байланысты стигманы жоя алатынын атап өтті.

Қорытындылай келе, экспромттық флешмобта болашақ дәрігерлердің аудиториясы баршаны өз денсаулығын ойлауға және өмірінде АИТВ-ны кездестірмеу үшін қауіпті әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Іс-шараға бес топтың студенттері қатысты, жалпы саны 70 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған