Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне дейінгі онкүндік жастармен күнделікті кездесулерді қамтиды, оның мақсаты АИТВ туралы ақпараттандыру және алдын алу болып табылады.
Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологі И.Венчикова және маманы Б.Жанбай Қарағанды тағам және сервис колледжінің студенттерімен әңгімесінде АИТВ, оның белгілері, берілу жолдары, қорғаныс шаралары, антиретровирустық терапия, қауіпті жағдайлар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар аудиторияның 40-тан астам сұрақтарына жауап берді.
«Бүгінгі таңда студенттердің жоғары дайындық деңгейі байқалды және олардың талқылауға белсенді қатысуы АИТВ-ның алдын алу тақырыбының өте өзекті екенін көрсетті. Бұл жастардың өз денсаулығы мен мінез-құлқы үшін жауапкершілікті түсінетініне сенімділік береді», – деп түсіндірді И.Венчикова.
«Біз өз сөзімізде әрбір адамның салауатты өмір сүре алатынына назар аударамыз. Бұл – таңдау, бұл – ұмтылу, бұл – ең алдымен, өзіне деген ілтипатты көзқарасты қалыптастыратын әрекеттер», – деп бөлісті Б.Жанбай.
Шараға Қарағанды тағам және сервис колледжінен 120 студент қатысты.