Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Т.Х.Кулахметова Қарағанды облыстық гарнизонының әскери полиция бөлімінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған дәріс оқыды.
Баяндамашы өз сөзінде вирус, АИТВ жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Эпидемиолог АИТВ жұқтырған адамдарға төзімділікпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ дәріскер өз денсаулығына жауапкершілік пен салауатты өмір салтының артықшылықтарын еске салды.
Іс-шараға 32 адам қатысты.