Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Т.Х.Құлахметова «Қарағанды теміржол ауруханасы» ЖШС-нің дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді, онда проблемалық мәселелер талқыланып, АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын реттейтін нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Төтенше жағдайларға және олар туындаған кездегі әрекеттерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ семинарда АИТВ жұқтырған адамдарға толеранттылықпен қарау және АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізу туралы айтылды.
Семинардан кейін «Теміржол госпиталі» ЖШС емханасы мен госпиталіндегі медицина қызметкерлерінің АИТВ мәселесі бойынша білімдері тексерілді. Оқу-тәжірибелік іс-шараға қатысушылардың жалпы саны 81 адамды құрады.