Skip to content
Главная страница » Облыс әкімі орынбасарының ЖИТС орталығына жұмыс сапары

Облыс әкімі орынбасарының ЖИТС орталығына жұмыс сапары

  • by

Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Қайсаұлы Таурбеков және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Баяндыұлы Абзалиев іс сапармен келді. Сапардың мақсаты – ЖИТС орталығының қызметімен, көрсетілетін медициналық қызмет түрлерімен және қызметкерлер ұжымымен танысу.

Жуырда ғана облыс әкімінің орынбасары қызметіне келген О.Қ.Таурбеков денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелерін қадағалап, Қарағанды облысындағы медициналық ұйымдардың  жұмысын зерделеуден бастады.

Қарағанды ЖИТС орталығынның басшысы  Б.Ж.Сагимбаев қарсы алып, ЖИТС орталығының міндеттері, атқаратын қызметі туралы жан-жақты айтып, пациенттерді қабылдайтын бөлмелерді көрсетті.

ЖИТС орталығының бөлім меңгерушілері: Н.Т.Тулекбаева, Б.М.Жантақбаева, О.Ю. Мокроусова, қазіргі  тандағы облыста жүргізіліп жатқан алдын-алу шаралары,  эпидемиологиялық жағдай, диспансерлік есепте тұрған және емделіп жатқан науқастардың саны (4277 адам) туралы ақпарат берді. Сондай-ақ АИТВ-мен ауыратын  науқастарға көрсетілетін қызметтердің барлығы ТМККК аясында, яғни тегін көрсетілетіні баса айтылды.

Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары О.Қ.Таурбеков АИТВ-инфекциясы бойынша Қарағанды облысы Республика бойыншы  қандай орын алады, алдын алу шаралары, яғни алдын алу және ерте диагностикалау қаншалықты тиімді деген сұрақ қойды. ЖИТС орталығының директоры Б.Ж.Сагимбаев облыс екінші орында, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда, тіпті 2024 жылы АИТВ-ның таралуының азайтылғанын айтты.

Қонақтарды қызықтырған тағы бір нысан ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы болды. Зертхана меңгерушісі Е.А.Сиделёва заманауи құрал-жабдықтарды көрсетті, оның жұмыс істеу принципі және тәулігіне 3000-ға жуық анализ жасалатыны туралы айтты.

ЖИТС орталығына келушілер бірінші болып байланысатын медицина қызметкерлері болып табылатын тіркеу және емдеу кабинеттеріне бару міндетті болды, сондықтан сыпайылық пен тиімділік медицина қызметкерлерінің құзыреттілігімен бірдей құнды.

Сонымен қатар, емханалар мен ауруханалардың медицина қызметкерлері арасында, сондай-ақ студенттер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесулер өткізу кезінде ЖИТС орталығының мамандары АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты кемсітушілік пен стигмаға жол бермеу мәселесіне үнемі назар аударады.

Жұмыс сапарының нәтижелерін қорытындылай келе, егер қызметтің мәнін, оның әлеуметтік мәні мен тиімділігін нақты түсіну болса, өзара іс-қимыл өнімді болатынын атап өткен жөн. Бұл әсіресе АИТВ инфекциясы таралуына қарсы тұруда маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *