Skip to content
Главная страница » «№1 Көпсалалы ауруханасында» семинар өтті

«№1 Көпсалалы ауруханасында» семинар өтті

Жұмыс кестесіне сәйкес, Қарағанды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Т.Х. Қулахметова КМК «№1 Көпсалалы ауруханасының» медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға ағымдағы жылдың алғашқы 5 айындағы ВИЧ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет беріліп, осы салаға қатысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылды. Сонымен қатар, кәсіби қызметін атқару барысында туындауы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді.

Семинар барысында ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация мен дискриминацияға жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ақпараттық бөлімнен кейін қатысушылар талқыланған тақырыптар бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойды.

Семинарға аурухананың 73 медицина қызметкері қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *