Жаңа оқу жылының басталуымен Қарағанды қаласының студенттері арасында профилактикалық дәрістер қайта жалғасын тапты.
Жоспарға сәйкес кезекті дәрісті Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Б. Жанбай Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжінде өткізді.
Маман студенттерге келесі тақырыптар бойынша ақпарат берді:
— АИТВ-инфекциясы және оның денсаулыққа қауіптілігі;
— АИТВ-ның берілу жолдары;
— АИТВ жұқтырудың алдын алу жолдары.
Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясын емдеудің қазіргі заманғы әдістері мен өз АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығы айтылды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітусіз құрметпен қарау тақырыбына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында маман әр адамның өз денсаулығына өзі жауапты екенін атап өтіп, студенттерді:
— қауіпті жағдайлардан аулақ болуға,
— есірткі мен алкогольден бас тартуға,
— жыныстық өмірді бастауға асықпауға,
— қорғаныс тәсілдерін пайдалануға шақырды.
Мұндай дәрістер жастардың өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
Кездесуге колледждің 25 студенті қатысты.
