АИТВ (адам иммунтапшылығы вирусы) адам өміріне енгеніне көп уақыт болды. Бұл аурудың таралуын шектеп, оны толығымен жоюға тек вакцина көмектесе алар еді. Алайда, өкінішке қарай, қазіргі уақытта мақұлданған вакцина әлі жоқ. Оның жасалуы бірнеше себепке байланысты өте күрделі міндет болып отыр:
1. Адамның иммундық жүйесі АИТВ-ны толықтай анықтай алмайды, себебі ол өте шебер жасырынады. Осыған байланысты адамның ағзасы инфекциямен күресуге жеткілікті күшті антиденелерді шығара алмайды.
2. АИТВ өте жылдам мутацияланады. Вакцина вирустың нақты бір түрін жоюға бағытталған — сондықтан вирус пішінін өзгерткен сәтте, вакцина әсерін жоғалтады.
3. Вакциналар әдетте адамдардың жазылып кеткен жағдайларындағы иммундық жауапты имитациялау арқылы жасалады. Бірақ АИТВ-дан адамдар өздігінен жазылмайтындықтан, ғалымдарға еліктейтін үлгі жоқ.
4. Көп жағдайда вакциналар әлсіретілген немесе өлі вирустар арқылы жасалады, бірақ бұл әдіс АИТВ-ға қарсы тиімді емес. Ал тірі вирус формасы қолдануға тым қауіпті.
Сондықтан қазіргі медициналық даму деңгейінде АИТВ-ны емдеуде басты назар — вирусты тасымалдаушыларға антиретровирустық терапия жүргізу мен тәуекел тобына жататын адамдарға алдын ала профилактика жасауға аударылып отыр.
Дегенмен, ғылым тоқтап тұрған жоқ — АИТВ саласындағы зерттеулер мен жаңалықтар жалғасуда.
