Skip to content
Главная страница » Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

  • by

2025 жылғы 15 қазандағы №107 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығымен АИТВ жұқпасы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді. Бұл стандарт АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыруға, сондай-ақ алдын алу жұмыстарының тиімділігін жетілдіруге бағытталған.

Жаңа стандарт АИТВ жұқпасы кезінде медициналық көмектің құрылымына, процестеріне және көлеміне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Онда АИТВ-ның алдын алу және онымен күрес жөніндегі өңірлік орталықтардың, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалау, диагностика, емдеу, әдістемелік сүйемелдеу және мамандарды оқыту жұмыстарын жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымының функциялары айқындалған.

Стандартта медициналық көмектің негізгі элементтері қамтылған: халық пен негізгі топтар үшін профилактика, диагностика, антиретровирустық терапия (АРТ), байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика, медициналық-әлеуметтік қолдау, оңалту және паллиативтік көмек.

Толығырақ:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500037158/links

Бұйрық 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *