«Жасырын кезеңі» — бұл вирус адам ағзасына енген сәттен бастап АИТВ-ға антиденелер пайда болғанға дейінгі уақыт. Адамның иммун тапшылығы вирусы ағзаға енгеннен кейін көбейе бастайды. Осы вирусқа қарсы антиденелер қанда 2 аптадан 3 айға дейін түзіледі. Өте сирек бұл кезең 3 айдан астам уақытқа созылады. Егер сіз осы кезеңде тексерістен өтсеңіз, оның нәтижесі денеде вирустың болуына қарамастан теріс болады. Сондықтан АИТВ-ның дәл диагнозын қою үшін 3 айдан кейін екінші қан анализі қажет. Терезе кезеңінде жұқтырған адам АИТВ-ны басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін.
