АИТВ инфекциясының бір адамнан екінші адамға жұғуының 3 жолы бар екенін білу маңызды:
1. жыныстық жолмен – қорғалмаған жыныстық қатынаспен (презервативсіз);
2. қан арқылы – стерильді емес құралдарды (инъекциялар, татуировкалар, пирсингтер, қырыну жинақтары және т.б.) пайдалану кезінде;
3. АИТВ жұқтырудың вертикальды жолы – АИТВ жұқтырған анадан балаға (жүктілік, босану немесе босанғаннан кейін, емшек сүті арқылы).
АИТВ қарапайым күнделікті қарым-қатынас арқылы (қол алысу, құшақтау, сүйісу), сондай-ақ ыдыс-аяқты, сүлгілерді және төсек-орын жабындарын ортақ пайдалану арқылы берілмейді.