Жүктілік кезінде әйелге өзінің АИТВ статусын білу өте маңызды. Егер ол оң болса, онда инфекцияның берілуін болдырмау үшін баланы қорғауға арналған белгілі бір шараларды қабылдау керек. АИТВ анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде беріледі. Бұл тікелей берілу жолы(АИТВ-ның вертикальды берілуі). АИТВ-оң статусы бар болашақ ана антиретровирусты препараттарды қабылдаса, онда вирустың балаға берілу қаупі күрт төмендейді.
Ал,ешқандай шара қолданылмаса, баланың АИТВ-оң болып туылу ықтималдығы жоғары. Бірақ жоғарыда айтқандай алдын-алуға арналған бір шешім ол АИТВ-оң болашақ ана вирусқа қарсы препараттарды уақтылы қабылдауы.Кесарь тілігімен босану және емшек сүтінен аулақ болу да вирустың таралуын болдырмайды. Осы ұсыныстарды орындау арқылы сіз балаңызға АИТВ жұқтыру қаупін 2% дейін төмендете аласыз.
Алдын алу шаралары қажетті нәтиже беру үшін дәрі-дәрмек режимін қатаң сақтау маңызды.