Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысында жыл сайын 300-ден астам АИТВ-инфекциясы тіркеледі. АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін вирустың қалай берілетінін біліп, мұндай жағдайлардан аулақ болу керек.
Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясын бір адамнан екінші адамға берілудің үш расталған жолы бар:
– жыныстық (АИТВ -инфекциясы бар адаммен презерватив қолданбай жыныстық қатынас кезінде);
– парентеральды (қан арқылы, тері немесе шырышты қабаттар стерильді емес құралдармен зақымдалғанда);
– АИТВ жұқтырған анадан балаға (жүктілік, босану немесе емізу кезінде)
АИТВ-ның ең жоғары концентрациясы мына жерлерде кездеседі:
– қан
– сперматозоидтар
– қынаптың секреті
– емшек сүті.
АИТВ зәрде, сілекейде, көз жасында және терде төмен концентрацияда кездеседі, бірақ бұл биологиялық сұйықтықтар арқылы жұқтыру мүмкін емес.
Қауіпсіз мінез-құлықтың белгілі бір ережелерін сақтай отырып, сіз АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін азайта аласыз:
–есіртімен әуестенбеңіз, зарарсызданбаған құралдарды қолданбаңыз.
– ерте және қорғалмаған жыныстық қатынастан бас тарту.
– әрқашан тек жеке гигиена құралдарын (тіс щеткалары, маникюр керек-жарақтары, ұстаралар) пайдаланыңыз.