Ағымдағы жылдың 27-28 шілде күндері Қарағанды ЖИТС орталығының маманы А.Ақбергенова Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне ұйымдастыру-кеңес жұмыстарын жүргізді. Отырыс барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдай, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі және АИТВ-инфекциясының бар-жоғын міндетті түрде құпия медициналық тексеруден өткізу ережелеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мәселелері қаралды. Аудиторияны қамту – 70 аудандық денсаулық сақтау қызметкерлері.
Сондай-ақ Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар өткізіліп, оған 22 адам қатысты.