АИТВ-ға талдау жасау тіпті осы инфекцияға әкелуі мүмкін жағдайға тап болмағандар үшін де алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Ал, тәуекел аймағындағы адамдар тест тапсырудан қорқады.
АИТВ-ның алдын алу және емі туралы хабардар болу талдау алдында алаңдаушылықты азайтуы мүмкін. АИТВ-ға скрининг нәтижелері құпия болып табылады және адамның мәртебесі туралы ақпаратты дәрігер тіпті туыстарына да хабарлауға құқылы емес.
Психологтар қорқыныштың көп бөлігі, ең алдымен, стереотиптер мен алалаушылыққа байланысты екенін атап өтті. Адам АИТВ туралы неғұрлым көп ақпарат білсе, тест тапсырар алдында соғұрлым қорқыныш пен стресс аз болады.
ЖИТС орталығында немесе емханада тест тапсыру арқылы сіздің АИТВ-статусыңызды білуге болады.
АИТВ-ға талдауды мына мекен-жай бойынша тапсыруға болады:
Қарағанды қ., Анжерская к-сі, 37;
Теміртау қ., Байсейітова к-сі, 21;
Балқаш қаласы, Шипагер көшесі, 3;
немесе тұрғылықты жері бойынша емханада.