Соңғы жылдары АИТВ жұқтырғандармен есепте тұрған әйелдердің үлес салмағының артуы байқалады. АИТВ жұқтырған әйелдердің басым көпшілігі ұрпақты болу жасында.
Адамның иммун тапшылығы вирусының вертикальды берілуі үш негізгі жолмен жүреді:
– плацента арқылы жүктілік кезінде, бұл кейінгі кезеңдерде, плацента қартаюда және оның өткізу қабілеті артқанда маңызды болады;
– босану кезінде бала анасының жұқтырған қанымен байланыста болған кезде;
– табиғи тамақтандыру кезінде ана сүтімен, өйткені емшек сүтінде вирустың жоғары концентрациясы бар.
Жүктілік және босану кезінде АИТВ-ның вертикальды берілуінің алдын алу үшін антиретровирустық препараттарды қолдану баланың жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Баланы емізу кезінде жұқпаның алдын алу үшін, АИТВ жұқтырған әйелден туған балаларды ана сүтімен тамақтандыруға болмайды.
Перинатальды АИТВ-инфекциясының профилактикасы жүктілік кезінде, босану кезінде және жаңа туған нәрестеде антиретровирустық препараттарды қолдануды қамтиды.
Жүктілік кезінде әйелді тексеру барысында АИТВ-инфекциясының бар-жоғы анықталса, жүкті әйелді аумақтық ЖИТС орталығының мамандары мен тұрғылықты жері бойынша емхананың акушер-гинекологы бақылайды.
Тиімді ARV терапиясын (немесе ARV профилактикасын) алатын және босану кезінде вирустық жүктемесі 50 көшірме/мл-ден төмен жүкті әйелдер өз бетінше босана алады (физиологиялық босану). Егер ананың вирустық жүктемесі жоғары болып қалатын болса, нәрестенің жұқтыру қаупін азайту үшін кесар тілігі жасалады, өйткені табиғи жолмен туылғаннан гөрі, кесар тілігімен жұқтыру қаупі төмен;
Әйел босанғанға дейінгі күтімді алмаған болса (жүктілік кезінде АИТВ-ға тестілеу туралы деректер жоқ), онда босануға түскен кезде әйел АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтуі керек. Нәтиже оң болса, балаға АИТВ жұқтырудың жедел алдын алу жүргізіледі (кесар тілігі, емдеу). Сондай-ақ, туылғаннан кейін инфекцияның алдын алу үшін бала 6-12 апта бойы емделеді.